News & Updates

Новости

Медициналық колледж студентерінің
09110200 «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша
«Тіс технигі – 2023»
мамандығының үздігі IІІ-ші Халықаралық сайысы
29 -31 мамыр 2023 жыл

Жас педагог сайысы

Жыл сайын колледжімізде жас мұғалімдер арасында «Жас педагог» байқауы өтеді. Байқау жас ұстаздардың шығармашылық потенциалын арттыру, одан әрі кәсіби өсуін қамтамасыз ету, педагогтардың инновациялық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілуде.
Биылғы жылы байқауға жоғары немесе орта кәсіптік білімі бар түрлі бағыттағы 5 жас оқытушы қатысты.
Байқау жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалдық дүниетанымын, өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бас жүлдені информатика пәнінің мұғалімі Сайдағали Әсел Берікболқызы жеңіп алды.
1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өркен Ерзатұлы иеленді
2-орынды арнайы пән оқытушысы – Самат Әсемей Саматқызы иеленді
3-орынды арнайы пән оқытушылары – Узденова Аминат Русланқызы мен Саяқбаева Сымбат Нұрмаханқызы иеленді.
Жас ұстаздарымызға қажырлы еңбектеріне табыс тілейміз!

Қалалық дебат — 2023

23.05.23 күні Профессор Рузуддиновтың Жоғары Медициналық-Стоматологиялық колледжінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ кепілі» атты АПФ форматындағы дебат турнирінде төмендегі тақырыптар бойынша пікірсайс өтті: 4/1 тақырыбы : БП Жүрек донорлығы дұрыс деп есептейді Жартылай финал тақырыбы: БП Мемілекетттік медицина мекемелерінің жұмысы жекеменшік медицина мекемелерінің жұмысына қарағанда төмен деп есептейді Финал тақырыбы: БП Қазақстандағы дәрігерлердің біліктілігі жоғары деп есептейді 🥉 3-орын: 1)ИНТЕРДЕНТ «Элита 2» командасы 2) АЯЖАН «Достық» командасы 🥈 2-орын: Профессор Рузуддиновтың Жоғары Медициналық-Стоматологиялық колледжі «Абзал жандар 2» 🏆🥇 1-орын: ИНТЕРДЕНТ «Элита 3» командасы 🏅ҮЗДІК ОЙЫНШЫ: АЯЖАН «Достық» командасы -Тугамбаева Малика

EnglishKazakhRussian